• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Қыркүйек, 2010

5 қыркүйек – Қазақстан мұнай-газ кешені қызметкер­лерінің күні.

1070 рет
көрсетілді

Табыстарға бастаған жол Бүгінгі Қазақстанның қарқынды даму үрдісін мұнай-газ саласының үлесінсіз елестету мүмкін емес. Сол сияқты бұл саланың ірі компаниясы – “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру” (“ҚМГ БӨ”) акционерлік қоғамынсыз еліміздің мұнай-газ саласының жетістіктерін де көз алдымызға әкелу қиын. Журналистер арасында “эконо­микаға қосқан үлесі өлшеусіз” деген қанатты сөз бар. Міне, нақ осы қағиданы “ҚМГ БӨ” АҚ-ға қаратып айтуға әбден болады. Алайда экономикаға қосылған үлес нақты цифрлармен анықталады. Осы орайдан келгенде “ҚМГ БӨ” АҚ еліміздегі ең ірі салық төлеуші болып саналады. Тек соңғы төрт жыл ішінде бұл компания еліміздің бюджетіне 700 миллиард теңге қаржы құйған. Сонымен бірге компания тұрақ­­ты түрде табысқа жетіп өз акцио­нерлерінің діттеген жерінен шығып келе жатыр. Компания акционер­лері жыл сайын табыстың 20 па­йызынан астамын девидент ретінде алып отырады. “ҚМГ БӨ” АҚ-ның негізгі акционері “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясы арқылы (компания акциясының 60 пайызы) мемлекет болып есептелетінін ескеретін бол­сақ, компания тапқан табыстың да қомақты бөлігі мем­лекет үлесіне тиесілі. 2006 жылы компанияның ІРО сәтінен бері мемлекеттік акция пакетінің құны 350 миллиард теңгеге өсті. Осы мерзім ішінде “ҚМГ БӨ” АҚ-ның акцияларының мемлекеттік пакеті­нен алынған девиденттер мөл­шері 85 миллиард теңгені құрады. Компания қызметінің тиімділігі көп ретте осы компанияның ак­ция­ларын ұстаушылар болып табы­латын отандық зейнетақы қорлары­ның салымшылары ретіндегі қара­пайым қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруымен сипат­талса керек. Компания акциялары көптен бері инвестиция салу үшін ең тиімді құралға айналған. Ол Қазақстан қор рыногында шешуші рөл атқарып, “көгілдір фишка” атауына ие болған. Қазақстан­дық­тар компания акцияларын ием­денуге толық мүмкіндігі бар. Оның бергі жағында компания таяуда тағы бір тиімді тетік – артық­шылықты акцияларды рынокқа шығарды. Сөйтіп, “ҚМГ БӨ” АҚ Елбасы алға қойған келелі міндет­терді шешу мақсатында елі­міздің қор рыногын дамытуға бел­сен­ді үлес қосып келеді. Әлем экономикасын дағдарысқа тіреген қаржы дағдарысы кезінде компанияның артықшылығы ерек­ше танылды. Сол бір кезеңде ел Үкі­меті еліміздің банк жүйесін тұ­рақ­­тандыруға ерекше күш жұм­сады. Сонда басқа компаниялар сияқты емес “ҚМГ БӨ” АҚ өзінің барлық қар­жы қорын қазақстандық банк­тердің депозитінде ұстады. Бұл қа­зақ­­стандық қаржы банк жүйесі­нің тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлес қосқан ұтымды шара екендігі сөзсіз. “ҚМГ БӨ” АҚ-ның жетістік­тері­нің уақытша ғана емес, стра­тегиялық сипатта екендігінің ма­ңызы зор. Компания менеджментті жақсарту, тәуекелді басқару сая­сатын жетілдіру бағытында мақ­сатты жұмыс жасап, заманауи стандарттарға басымдық береді. Компанияның “Қазгермұнай”, “Қара­жамбасмұнай” және “Петро­Қазақстан” компанияларының ак­цияларына салған үлесі өте табыс­ты болды. Ал шілде айында ком­пания тағы да үш – “Қазақойл – Ақтөбе”, “Қазақтүрікмұнай” және “Маңғыстаумұнайгаз” компания­ларының үлесін сатып алғандығы туралы жариялады. Бұл “ҚМГ БӨ” АҚ-ның еліміздің экономикасын­дағы беделінің артып келе жатқан­дығын көрсетсе керек. Халықаралық рейтинг агенттік­тері де компания қызметіне жоғары баға беруде. “ҚМГ БӨ” халық­ара­лық сарапшылар берген баға бойын­ша, Қазақстандағы ең ашық құры­лым ретінде танылды. Осы орайда компанияның еліміздегі ең ірі жұмыс беруші және өзі қызмет ат­қара­тын өңір­лердегі әлеуметтік бағдарлама­лардың демеушісі екен­дігін атап өткен жөн. Бұл компания қызмет­кер­лерінің жалақысы өңір­лерде жұмыс істейтін басқа ком­па­ниялар­мен салыстырғанда ең жоға­ры деңгейде болып отыр. Ком­пания өз еңбеккерлерінің әлеумет­тік-тұр­мыс­тық жағдайын жақсарту­ға қо­мақты қаржы бөледі. Басқа қан­дай компа­нияда тегін медици­налық сақ­тан­дыру жүйесі бар? Ал “ҚМГ БӨ” АҚ-да бұл жүйе дәстүр­лі жұмыс істейді. Басқа қандай компания жұмысшы­лардың оқушы балаларын чартерлік ұшақтар мен сауықтыру лагерлеріне апарады? Ал “ҚМГ БӨ” АҚ-да бұл тұрақты дәстүрге айналған. “ҚМГ БӨ” АҚ өзінің филиал­дары орналасқан өңірлердің инфра­құрылымын жақсартуға қомақты қаржы жұмсайды. Биыл компания Атырау және Маңғыстау облыс­тарында әлеуметтік мәселелерді шешуге 2,7 миллиард теңге бөлді. Бұдан бұрын компания Атырау қаласында жабық жүзу бассейнін, Жаңаөзен қаласында денешынық­тыру-сауықтыру кешенін және стадионын, Каспий теңізінің жаға­сындағы “Кендірлі демалыс” ай­мағын пайдалануға берді. Қорыта айтқанда “ҚМГ БӨ” АҚ-ның еліміздің экономикасын дамытуға қосып отырған игі үлесі өлшеусіз. “ҚМГ БӨ” мұнай компа­ниясы сияқты іргелі құрылым­дардың арқасында біздің еліміз қарқынды даму үрдісімен келеді, халқымыздың әл-ауқаты артуда. Марат ЖҰМАШЕВ.