• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
22 Қыркүйек, 2010

“Сібірдің құрметті ақсақалы”

798 рет
көрсетілді

Президенттік мәдениет орталығында белгілі саяхат­танушы, Орталық Азия, Сібір, Қазақстан халықтарының тарихын, фольклорын зерттеуші-этнограф ғалым Гри­горий Николаевич Потаниннің 175 жылдық мерейтойына арналған “Жұмбағына Азияның үңілген” әдеби-музыкалық кеші өтті. Кешті сөз сөйлеп ашқан Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Г.Потаниннің қазақ халқына сіңірген еңбегін нақты мысалдармен дәйектеп, Қазақ­стан­да оның аяғының ізі қалмаған бірде-бір жер жоқ десе бол­ғандайын, фольклорлық мұралар мен халық ауыз әде­биетінің әйгілі нұсқаларын талмай іздеуде, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын зерделеп, Шығыс және Еуропа ғалымдарының сирек кездесетін еңбектерін тынбай зерттеуде ол атқарған істің орны қашанда биік болып қала беретінін әңгімеледі. Әдеби-музыкалық кешті Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі М.Бочарников келіп тамашалады. Григорий Потанин есімі күллі Қазақ даласына таныс десек, қате айтпаймыз. Павлодар облысының Ямышево ауылында дүниеге келген жиһангер ғалымның аты қазақтың ағартушы ғалымы Шоқан Уәлиха­новтың есімімен егіз ұғымға айна­лып кеткелі қашан. Өйткені 1845-1852 жылдары Омбыдағы кадет кор­пусында екеуі бірге оқып, өле-өл­генше бір-бірімен жақын дос бо­лып өткен. Омбы облыстық мұра­ғатында бірге жұмыс жасап, қазақ халқы жөніндегі тарихи-этно­гра­фиялық әдебиеттерді зерттеген. 1853-58 жылдары Сібірде әскери қызметте болған. 1859-61 жылдары Петербург университетінің физика-математика факультетінің жараты­лыстану бөлімінде оқыған. Сібір мен Орталық Азияның аз зерттел­ген аудандарының географиясы, этнографиясы, фольклоры, ботани­касы мен экономикасы жөнінде де­рек­тер жинау мақсатымен 1876 жыл­­дан бастап бірқатар саяхаттар жа­саған. Солтүстік-Батыс Моңғо­лия­ға, Үлкен Хинганға, Забайкалье, Алтай мен Қазақстанға (Баянауыл, Сырымбет, Зайсан, Тарбағатай) экс­пе­дициялары барысында баға жетпес тарихи құндылықтарға кезікті. Қазақ халқының аңыздары мен ертегілері жайында деректер жинап, кітап жазды. 1884 жылы Абай Құнанбаев Григорий Пота­нин­ге “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” поэмасының қолжазбасын сый­ға тартты деген деректің өзі ға­лымның қазақ фольклорына қан­ша­лық маңыз бергенін аңғарт­­қ­ан­дай. Ал Алаштың ардақтылары По­танинмен өзара тығыз қарым-қа­ты­наста болмаса, Міржақып Дулатов оны “Сібірдің құрметті ақсақалы” дер ме еді?! Артына 235 кітап пен ғылыми мақалалар жазып қалдырған ғалым кезінде Шоқан Уәлихановтың ғы­лыми еңбектерін жариялауға ба­рынша атсалысқанын, Батыс Сібір­дің мәдени және қоғамдық өміріне белсене араласып, мектептер, әйел­дер курсын, мұражайлар ашуға қа­тысқанын, жалпы түркі тілдес ха­лықтардың ауыз әдебиетін жинап, “Қазақтардың және алтайлық­тар­дың аңыздары, аңыз-әңгімелері және ертегілері” атты еңбек жазға­нын, осынау географиялық озық ең­­­­бектері үшін оны Орыс гео­гра­фия қоғамы 1886 жылы Үлкен Конс­­­­тантинов медалімен мара­пат­та­­ғанын, Потанин есімімен Нань­­шань тауындағы жота, Моңғол Алтайындағы мұздақ аталғанын, одан да бергіге жылжысақ, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мұса Шорманов, Әлімхан Ермеков және Жақып Ақпаев сынды қазақ­тың айтулы азаматтарымен арала­с­ып тұрғанын кеш барысында сах­налық көріністер шынайы баяндап, сол кезеңдер сазы тартылды. Ға­лымның өмірі мен шығарма­шы­лы­ғына арнап деректі фильм әзір­ленуі, қалалық орыс драма театры әртістерінің орындауында қолжаз­баларынан үзінділер оқылуы, көрме залында Павлодар облыстық та­ри­хи-өлкетану мұражайының По­танин тағылымдарынан тарихи жә­дігерлерді тамашалатуы әйгілі сая­хатшының мерейтойына әжептәуір дайындықтар жасалып жатқанын аңғартты. Ерлан Төребай, Берік Омаров, Елена Федякина, Жәнібек Сапаров, Марат Нүкеев, Алексей Еф­ременко, Станислав Гасаев, Қа­ра­көз Әбдішәріпова, Еркебұлан Қай­назаров, Рамзат Балакишев, Ма­дина Адамова, Айзат Қара­бе­ко­ва сынды өнер тарландары әдеби кешті әнмен, жырмен әдіптеді. Ұшы-қиырсыз қазақ даласында ұш­ан-теңіз жауһарға кенеліп, қалт­қы­сыз еңбек еткен аяулы тұлғаға ар­нал­­ған шара мұнымен аяқтал­май­ды, мерейтой әрмен қарай Пав­ло­дарда жалғаспақ, республиканың барлық мектептерінде ғалымды еске алу кештері, тарихи-поэтик­а­лық сабақтар өтпек, ал келер жылы Мәдениет министрлігі Потанин шы­ғармаларын жиыстырып, жаңа­дан жинағын басып шығаруды жос­парлап отыр. Ғалым еңбектерін жаң­­ғырту арқылы сан ғасырдан бе­рі келе жатқан қымбат қазына қай­та түлеп, халқымен қапысыз қауы­шады деген сенімді селкеусіз серік етейік. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ. -------------------------- Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.