• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2016

АҚШ пен Еуропалық одақ – Иранға қойылған санкцияны тоқтатты

271 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 18 қаңтар. Дүниежүзілік атом энергетикасы жөніндегі агенттік Тегеранның ядролық бағдарламаға байланысты барлық шарттарды орындағанын мәлімдеді. Осыдан кейін АҚШ пен Еуропалық одақ Иранға байланысты қойылған санцияны тоқтатты. Бұл туралы ВВС хабарлады. Президент Хассан Роухани Иран халқын елді сырттан қыспаққа алған санкциялардың алынып тасталуымен шын жүректен құттықтады. «Алланың рахымына, Иран халқының төзімділігіне бас иемін», – деді Президент. Халықаралық санкцияның алынып тасталуы қарсаңында АҚШ пен Иран екі ел арасындағы тұтқындарды алмастырды. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Венада мәлімдегеніндей, тұтқыннан босаған 5 америкалық қазір елге бет түзеген, жол үстінде. Сол секілді АҚШ Интерполдан тағы да ирандық 14 азаматты түрмеден босатуға сұрау салды. Талғат Сүйінбай. Дерек: ВВС. Сурет: AFP.