• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2016

Сауалдарына – ұғынықты жауап

324 рет
көрсетілді

Кеше «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшелері – Мәжіліс депутаттығынан үміткерлер Нұрлан Жазылбеков пен Дмитрий Васильев Талдықорған қаласында, қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға Талдықорған қаласы мен іргесіндегі аудандардан 22 адам келіп, өздерін толғандырған тақырыпта сауалдарын қойды. Қала тұрғыны, ІІ топтағы мүгедек Мейіс­хан Ботантаева өзінің 10 жылдан бері әкімдікте 540-болып тұр­ғын үй кезегінде тұрғанын, бірақ кезегі­нің жылжымайтындығын, қала тұрғы­ны Аида Дударева Талдықорған қала­сын­дағы Үйтас саяжайында тұрған тұр­ғын­дардың ауыз-судың жоқтығын айтып, осы мәселе туралы бірнеше рет әкім­дікке арыз-шағым түсіргенімен, еш­қан­дай нәтиже болмағанын, Ескел­ді ауданының тұрғыны Ораз Сыды­қов талай жылдан бері қоғамдық жұмыс­тар­да жүріп, аралықта қысқартуға ұшы­рап, жұмыссыз жүргенін айтып, көмек сұрады. Қала тұрғыны Ғабдірашит Қадыров баласының талай жылдан бері әскери қызметте болып, бір түсініксіз оқиғадан кейін заңсыз сотталып кеткенін айтып, «Ақ жол» демократиялық партия­сы­нан көмек сұрады. Қала тұрғыны Бақыт Сейітжанова жеке кәсіпкер ретін­де өзінің салық төлеу жағынан түсін­беу­шілік болып жатқанын айтты. Тал­ды­қор­ғандық Роза Дарханова тұрғын үй сатып алу барысында заң білмеушіліктің әрі өзгеге сенім артудың салдарынан шы­ғынға батқанын жеткізді. Қоғамдық қабылдауға келген аза­мат­тардың бәрі де тиісінше сауалдарына қанағаттанарлық жауаптарын алып қайтты. Ал осының алдында «Ақ жол» пар­тиясының басқарма мүшесі Нұрлан Жа­зыл­беков бастаған топ өздеріне бұрын­нан таныс «Алматы бояулары» атты өндіріс орнын аралаған еді. Себе­бі, осыдан 2 жыл бұрын аталған кәсіп­орын ақжолдықтардың араласып, ықпал етуі­мен мемлекеттік бағдарламаға сәй­кес түрлі қажеттіліктеріне жарату үшін бюд­жеттен қаражат алған-тын. Осы өндіріс орнында 150 адам тұ­рақты жұмыс істеп, айына 60 мың тең­геден жоғары жалақы алып отырғаны өз алдына бөлек әңгіме. Жалпы, Рима Саулықова басқаратын «Алматы бояу­лары» ЖШС тәулігіне 20 мың тоннадан астам 18 түрлі бояу шығарады. Қуанарлығы сол, отандық өндіріс орнына қажетті шикізат та өз елімізден сатып алы­нып, өңделеді. Қазақстан бойынша жол белгілерін бояуға қажетті бояулар тек осы өндіріс орнынан ғана сатып алынатындығын Нұрлан Жазылбеков ерекше айтты. Қорыта айтқанда, «Ақ жол» демо­кра­тиялық партиясының өкілдері Талды­қор­­ғандағы «Алматы бояулары» ЖШС жұ­мыс­шылары өздерін қолдайтын­дарына үміт білдірді. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Алматы облысы.