• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2016

Күрес – қазақ үшін тарихи спорт түрі

628 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының президенті Ненад Лаловичті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы күрес түрлері бойынша Азияның Олим­пиа­далық біліктілік турнирін өткі­зу мақсатымен Астанаға келген Н.Ла­ловичтің сапарына ризашы­лық білдірді. – Күрес – қазақтар үшін тарихи спорт түрі. Біздің елде ежелден-ақ балуандар күресінсіз бірде-бір мереке өтпеген. Бүгінде мемлекет спорттың осы түрін жастар ара­сында танымал ету үшін зор күш-жігер жұмсап отыр, соның арқа­сында Қазақстан халықаралық аре­нада жоғары нәтижелерге қол жет­кізді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. «Біріккен күрес әлемі» халық­аралық федерациясының прези­денті Астанада өтетін турнир­ді ұйымдастыруға қолдау көрсе­тіл­гені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, кездесу барысында Н.Лалович Нұрсұлтан Назарбаевқа «Бі­ріккен күрес әлемі» халық­ара­лық федерациясының құрмет орденін тапсырды. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.