• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығы №11-1-2/177

261 рет
көрсетілді

2015 жылғы 8 мамыр,  Астана қаласы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрықтың 1 - қосымшасына сәйкес «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) осы бұйрықтың 2 - қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 3) осы бұйрықтың 3 - қосымшасына сәйкес «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 4) осы бұйрықтың 4 - қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 5) осы бұйрықтың 5 - қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 6) осы бұйрықтың 6 - қосымшасына сәйкес «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 7) осы бұйрықтың 7 - қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 8) осы бұйрықтың 8 - қосымшасына сәйкес «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 9) осы бұйрықтың 9 - қосымшасына сәйкес «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 10) осы бұйрықтың 10 - қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 11) осы бұйрықтың 11 - қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңiз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 12) осы бұйрықтың 12 - қосымшасына сәйкес «Шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруге шақыруды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті: 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Р.ЖОШЫБАЕВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ____________________Ә.ИСЕКЕШЕВ 2015 жылғы «___»_______________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ________________Е.ДОСАЕВ 2015 жылғы «___»________ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына 1-қосымша «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап: Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бұдан әрі – паспорт) ресімдеу - күнтізбелік 120 (жүз жиырма) күннен аспайды; ата-анасының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда, олардың фотосуреттерін жапсыра отырып, 16 (он алты) жасқа дейінгі балалар туралы жазбаны енгізу (бұдан әрі – паспортқа жазба енгізу) - 3 (үш) жұмыс күннен аспайды; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут; 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу не паспортқа жазба енгізу. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі. Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде екінші дәрежелі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет: 1) Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне; 2) Үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған адамдарға; 3) «Батыр ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналарға; 4) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестiрiлген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі - КСРО) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, мүгедектерге, сондай-ақ бала жастан мүгедектің ата-аналарының біріне; 5) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттарға, балалар үйлерiнде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 6) Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтарға тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады. 9. Көрсетілетін қызметті алушы қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) паспортты ресімдеу үшін мынадай: еркін нысандағы өтініш; туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған балаға паспорт алған кезде); Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде); мөлшері 3,5х4,5 сантиметр (бұдан әрі - см) төрт түрлі түсті фотосурет (фотосурет көрсетілген қызметті алушының құжатын ресімдеу кезіндегі жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс, бейтарап бет көрінісі мен ауызы жабық болуы қажет, әр адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75% - ға жуығын алуы тиіс. Фотосурет фотобаспа әдісімен қалың фотоқағазға бір негативтен бастырылады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірмеден өткізу әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға рұқсат етілмейді); Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алғаш рет алған кезде (Қазақстан Республикасының азаматтығын дәлелдеген кезде) – 1974 жылғы үлгідегі паспорты (бұрынғы КСРО); Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алғаш рет алған кезде (Қазақстан Республикасының паспорты азаматтығын дәлелдеген кезде) – жалпы шетелдік (бұрынғы КСРО) паспорты; тұрғылықты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын құжат (түпнұсқасы мен көшірмесі); егер мұндай анықтаманы алу мүмкіндігі болған елінің заңнамасында көзделсе, болған еліндегі құзыретті органнан алған азаматтығының жоқ екені туралы анықтама. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы; 2) паспортқа жазба енгізу үшін мынадай: еркін нысандағы өтініш; баланың туу туралы куәлігі; Қазақстан Республикасы азаматының паспорты; мөлшері 3,5х4,5 см екі түрлі түсті фотосурет; консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады. 3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi 10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе пошта арқылы жазбаша түрде қабылданады. Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қол таңбасы болу керек. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414, 8 800 080 77777. «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу үшін алынатын консулдық алымдар мөлшерлемесінің көлемі Р/с № Ел    Консулдық іс-әрекеттің атауы және консулдық алым Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жасау    Қазақстан Республикасы азаматының паспортына (паспортынан) балалары туралы мәліметтерді жазу (алып тастау) 1    2    3    4 1.    Америка Құрама Штаттары    50 АҚШ доллары    15 АҚШ доллары 2.    Канада    50 АҚШ доллары    50 АҚШ доллары 3.    Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі    30 ағылшын фунт стерлингі    12 ағылшын фунт стерлингі 4.    Бельгия Корольдігі    55 евро    25 евро 5.    Француз Республикасы    40 евро    15 евро 6.    Германия Федеративтік Республикасы    40 евро    25 евро 7.    Австрия Республикасы    40 евро    12 евро 8.    Швейцария Конфедерациясы    65 Швейцариялық франкі    20 Швейцариялық франкі 9.    Италия Республикасы    35 евро    12 евро 10.    Испания Корольдігі    25 евро    10 евро 11.    Мажарстан    30 евро    10 евро 12.    Чех Республикасы    40 евро    10 евро 13.    Литва Республикасы    35 евро    5 евро 14.    Түркия Республикасы    40 АҚШ доллары    10 АҚШ доллары 15.    Нидерланды Корольдігі    35 евро    10 евро 16.    Хорватия Республикасы    40 евро    12 евро 17.    Грекия Республикасы    40 евро    5 евро 18.    Румыния    35 евро    10 евро 19.    Болгария Республикасы    35 евро    20 евро 20.    Норвегия Корольдігі    37 евро    11 евро 21.    Мысыр Араб Республикасы    20 АҚШ доллары    5 АҚШ доллары 22.    Израиль Мемлекеті    30 АҚШ доллары    10 АҚШ доллары 23.    Біріккен Араб Әмірліктері    50 АҚШ доллары    15 АҚШ доллары 24.    Сауд Арабиясы Корольдігі    20 АҚШ доллары    15 АҚШ доллары 25.    Қатар Мемлекеті    30 АҚШ доллары    15 АҚШ доллары 26.    Иордания Хашимит Корольдігі    40 АҚШ доллары    10 АҚШ доллары 27.    Иран Ислам Республикасы    50 АҚШ доллары    10 АҚШ доллары 28.    Пәкістан Ислам Республикасы    50 АҚШ доллары    10 АҚШ доллары 29.    Ауғанстан Ислам Республикасы    40 АҚШ доллары    10 АҚШ доллары 30.    Үндістан Республикасы    20 АҚШ доллары    10 АҚШ доллары 31.    Қытай Халық Республикасы    20 АҚШ доллары    15 АҚШ доллары 32.    Малайзия    30 АҚШ доллары    20 АҚШ доллары 33.    Корея Республикасы    35 АҚШ доллары    30 АҚШ доллары 34.    Жапония    50 АҚШ доллары    15 АҚШ доллары 35.    Моңғолия    50 АҚШ доллары    10 АҚШ доллары 36.    Сингапур Республикасы    30 АҚШ доллары    10 АҚШ доллары 37.    Ливан Республикасы    20 АҚШ доллары    5 АҚШ доллары 38.    Ливия мемлекеті    25 АҚШ доллары     5 АҚШ доллары 39.    Таиланд Корольдігі    60 АҚШ доллары    20 АҚШ доллары 40.    Ресей Федерациясы    30 АҚШ доллары    5 АҚШ доллары 41.    Украина    30 АҚШ доллары    20 АҚШ доллары 42.    Беларусь Республикасы    20 АҚШ доллары    5 АҚШ доллары 43.    Өзбекстан Республикасы    20 АҚШ доллары    10 АҚШ доллары 44.    Қырғыз Республикасы    20 АҚШ доллары    10 АҚШ доллары 45.    Түрікменстан    20 АҚШ доллары    15 АҚШ доллары 46.    Тәжікстан Республикасы    20 АҚШ доллары    5 АҚШ доллары 47.    Әзербайжан Республикасы    30 АҚШ доллары    10 АҚШ доллары 48.    Армения Республикасы    50 АҚШ доллары    15 АҚШ доллары 49.    Оман сұлтандығы    50 АҚШ доллары    15 АҚШ доллары 50.    Бразилия Федеративтік Республикасы    50 АҚШ доллары    15 АҚШ доллары 51.    Индонезия Республикасы    30 АҚШ доллары    15 АҚШ доллары 52.    Финляндия Республикасы    35 евро    5 евро 53.    Грузия    30 АҚШ доллары    5 АҚШ доллары 54.    Польша    35 евро    5 евро 55.    Куба    50 АҚШ доллары    5 АҚШ доллары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің  міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына 2 - қосымша «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап – 6 (алты) айдан аспайды; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут; 3) көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтама. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде жеке тұлғаларға көрсетіледі. Консулдық алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз түрде екінші дәрежелі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады. 9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш; 2) еркін нысандағы өмірбаян; 3) мөлшері 3,5х4,5 см үш түрлі түсті фотосурет; 4) балалардың туу туралы куәліктері (түпнұсқасы және көшірмесі); неке қию туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі); 5) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы. Көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасында зайыбы немесе оның асырауындағы адамдары болған жағдайда, ол сол адамдардың қызмет алушыға материалдық және басқа да талаптарының жоқтығы туралы нотариат куәландырған өтініштерін береді. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты азаматтықты өзгерту мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші куәландырған өтінішті, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін ұсынады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатты қоса отырып олардың заңды өкілдері береді. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар ата-анасының өтінішіне көрсетілетін қызметті беруші растаған жазбаша келісімін қоса береді. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады. 3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi 10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе пошта арқылы жазбаша түрде қабылданады. Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қол таңбасы болу керек. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414, 8 800 080 77777. «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу үшін алынатын консулдық алымдар мөлшерлемесінің көлемі Р/с №    Ел    Консулдық алым 1    2    3 1.    Америка Құрама Штаттары    300 АҚШ доллары 2.    Канада    300 АҚШ доллары 3.    Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі    190 ағылшын фунт стерлингі 4.    Бельгия Корольдігі    220 евро 5.    Француз Республикасы    220 евро 6.    Германия Федеративтік Республикасы    220 евро 7.    Аустрия Республикасы    220 евро 8.    Швейцария Конфедерациясы    300 Швейцариялық франкі 9.    Италия Республикасы    220 евро 10.    Испания Корольдігі    150 евро 11.    Мажарстан    70 евро 12.    Чех Республикасы    220 евро 13.    Литва Республикасы    100 евро 14.    Түркия Республикасы    300 АҚШ доллары 15.    Нидерланды Корольдігі    220 евро 16.    Хорватия Республикасы    220 евро 17.    Грекия Республикасы    215 евро 18.    Румыния    200 евро 19.    Болгария Республикасы    150 евро 20.    Норвегия Корольдігі    218 евро 21.    Мысыр Араб Республикасы    50 АҚШ доллары 22.    Израиль Мемлекеті    200 АҚШ доллары 23.    Біріккен Араб Әмірліктері    300 АҚШ доллары 24.    Сауд Арабиясы Корольдігі    300 АҚШ доллары 25.    Қатар Мемлекеті    150 АҚШ доллары 26.    Иордания Хашимит Корольдігі    100 АҚШ доллары 27.    Иран Ислам Республикасы    300 АҚШ доллары 28.    Пәкістан Ислам Республикасы    150 АҚШ доллары 29.    Ауғанстан Ислам Республикасы    150 АҚШ доллары 30.    Үндістан Республикасы    100 АҚШ доллары 31.    Қытай Халық Республикасы    300 АҚШ доллары 32.    Малайзия    200 АҚШ доллары 33.    Корея Республикасы    300 АҚШ доллары 34.    Жапония    300 АҚШ доллары 35.    Моңғолия    100 АҚШ доллары 36.    Сингапур Республикасы    300 АҚШ доллары 37.    Ливан Республикасы    50 АҚШ доллары 38.    Ливия Мемлекеті    200 АҚШ доллары 39.    Таиланд Корольдігі    300 АҚШ доллары 40.    Ресей Федерациясы    50 АҚШ доллары 41.    Украина    50 АҚШ доллары 42.    Беларусь Республикасы    40 АҚШ доллары 43.    Өзбекстан Республикасы    200 АҚШ доллары 44.    Қырғыз Республикасы    150 АҚШ доллары 45.    Түрікменстан    50 АҚШ доллары 46.    Тәжікстан Республикасы    200 АҚШ доллары 47.    Әзербайжан Республикасы    50 АҚШ доллары 48.    Армения Республикасы    200 АҚШ доллары 49.    Оман сұлтандығы    300 АҚШ доллары 50.    Бразилия Федеративтік Республикасы    300 АҚШ доллары 51.    Индонезия Республикасы    200 АҚШ доллары 52.    Финляндия Республикасы    100 евро 53.    Грузия    50 АҚШ доллары 54.    Польша    220 евро 55.    Куба    250 АҚШ доллары «Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша нысан СУРЕТ 1.1 Сауалнама - Өтiнiш Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат беруiңiздi сұраймын. СҰРАҚТАР    ЖАУАПТАР 1. Тегi, аты, әкесiнiң аты 2. Сiз бұрын өзiңiз аталып келген барлық тегiңiздi, атыңызды және әкеңiздiң атын санап шығыңыз, оларды қашан, қай жерде және қандай себеп бойынша өзгерттiңiз 3. Туған күнiңiз, айыңыз, жылыңыз және жерiңiз: (ауыл, қала, аудан, облыс, егер шетелде туылсаңыз, сол елдi атаңыз) 4. Ұлтыңыз 5. Отбасылық жағдайыңыз (некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн) 6. Шетелге шығудың алдында тұрған мекен-жайыңыз 7. Соңғы тiркелген орныңыз 8. Соңғы жұмыс, оқу орныңыз 9. Бiлiмiңiз және бiлiмiңiз бойынша мамандығыңыз (қай жерде, қашан және қандай оқу орнын аяқтадыңыз) 10. Егер бұрын басқа мемлекеттердiң азаматтығында (бодандығында) болсаңыз, қай жерде, қашан және қандай негiзде Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаныңызды егжей-тегжейлi көрсетiңiз 11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе азаматтық жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба. Егер тартылсаңыз онда қашан, кiм және не үшiн тартты? 12. Мемлекеттiң немесе заңды және жеке тұлғалардың алдында орындалмаған мiндеттемелерiңiз бар ма Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің  міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына 3-қосымша «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасының азаматтарын консулдық тіркеуге алу немесе одан шығару. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі беру нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады. 9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) еркін нысандағы өтініш; 2) мөлшері 3х4 сантиметр бір түсті фотосурет; 3) жеке басты куәландыратын тіркеу карточкасы (түпнұсқа және көшірме); 4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырылған есепке алу карточкасы; Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады. 3. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi 10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе пошта арқылы жазбаша түрде қабылданады. Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілген қызметті алушының шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почта мекенжайы шығыс нөмірі және уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қол таңбасы болу керек. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі - 1414, 8 800 080 77777. «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша нысан _____________________________________________________ (есепке қабылдаған, консулдық мекеменің атауы) ШЕТ ЕЛДЕРДЕ УАҚЫТША ЖҮРГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ 1.Тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болғанда)____________________________________________________________ 2. Туған жерi және күнi _________________________________________________________________________ 3. Паспорттың №, қашан және кiм бердi___________________________________________________________ 4. Паспорттың қолдану мерзiмi және ұзарту туралы белгiлер ____________________________________________________________________________________________________________________________________________ 5. Паспортқа енгiзiлген адамдар _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 6. Болу елдерi визаларының жарамдылығы немесе рұқсат мерзiмi _____________________________________________________________________________________________________________________________________ 7. Сапардың мақсаты:__________________________________________________________________________ 8. Жұмыс, оқу, тағлымдамадан өту және т.б. орны ___________________________________________________ 9. Тұрғылықты жерiнiң мекенжайы және телефон нөмiрi ______________________________________________ 10. Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұрғылықты мекенжайы ___________________________________________________________________________________________________________________________________ 11. Ерекше белгiлер____________________________________________________________________________ Қолы___________        20__ жылғы «____» __________ «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша нысан ________________________________________________ (есепке қабылдаған, консулдық мекеменің атауы) ШЕТЕЛДЕ ТҰРАҚТЫ ТҰРАТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ Фото сурет орны 1. Тегі, аты, әкесінің аты (егер тегіңізді, атыңызды ауыстырсаңыз, пайдаланған барлық тектеріңізді атаңыз) _____________________________________________________________________________________________ 2. Туған күні___________________________________________________________________________________ 3. Туған жері___________________________________________________________________________________ 4. Ұлты_______________________________________________________________________________________ 5. Білімі мен мамандығы, қашан және қандай оқу орнын бітірдіңіз______________________________________ _____________________________________________________________________________________________ 6. Шетелге шығудың мақсаты және күні____________________________________________________________ 7. Қазақстан Республикасында бұрынғы тұрғылықты мекенжайы_______________________________________ ______________________________________________________________________________________________ 8. Шетелдегі тұрғылықты мекенжайы мен телефон нөмірі_____________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ 9. Жұмыс орны және атқаратын лауазымы__________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________ 10. Қазақстанда туыстарыңыз бар ма, олардың тектері мен мекенжайлары_______________________________ ______________________________________________________________________________________________ 11. Паспорттың нөмірі, қашан және кім берді, қолдану мерзімі_________________________________________ 12. Паспортқа енгізілген тұлғалар__________________________________________________________________ 13. Паспорттың мерзімін ұзарту және ауыстыру туралы белгілер________________________________________ 14. Жергілікті билі