Мәжілісте еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы жұмыс тобының кезекті отырысында талқыға салынды.
Жұмыс тобының жетекшісі Бекболат Тілеухан кіріспе сөзінде заң жобасы бойынша салыстырма кесте дайындалғанын, оған депутаттар берген түзетулер енгізілгенін айтып өтті. Депутаттардың бірқатар ұсыныстары Үкіметтің оң қорытындысын алғаны белгілі болды.
Депутаттар заң жобасы бойынша әзірленген салыстырма кестені қарап шықты. Нұртай Сабильянов, Бақытбек Смағұл, Сауытбек Абдрахманов, Нұрлан Дулатбеков, Кәрібай Мұсырман, Бақтияр Мәкен және басқа да депутаттар отырыс барысында сұрақтар қойып, талқылауға белсенді қатысты.
«Қазақстан Театр қайраткерлері одағы» РҚБ төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов кейбір баптарға байланысты өз пікірін білдірді.
«Егемен-ақпарат»