• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2016

«Мен – чемпион!»

432 рет
көрсетілді

жобасы 12 мың оқушыны қамтиды 2000 жылы «Мен – чемпион!» телевизиялық бағдарламасы пайда болып, оқушылар арасында спорттың кең құлаш жаюы арқылы саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен болатын. Жергілікті муниципалды телерадио арнасының директоры Евгений Сазановтың бастамасы мектептер тарапынан кең қолдау тауып, үл­кен қызығушылық тудырған. Алайда, қаражат тапшылығынан жобаның аяқсыз қалуы талайларды өкіндірген. Былтыр аймақ басшысы, «Нұр Отан» партиясы СҚОФ-тың төр­­ағасы Ерік Сұлта­нов­тың бюд­жеттен қаржы бөл­дір­туі, «Зен­ченко және К» коман­дит­­тік серік­тестігінің, «АКС» фир­ма­сы­ның демеушілігі арқасында жақсы жоба жанданып, қайтадан мәре алды. «Мен – чемпион!» балалар спорт ойынының мектепішілік бірінші кезеңіне 1025 командадан 10 мыңға тарта балғын белсене атсалысып, күштерін сынасты. Екінші кезеңге 13 аудан мен 3 қа­лалық команда өтіп, басты бәсеке 1500 оқушының арасында өтті. Жуырда үш кезеңнен тұратын жарыстың қорытындысы бойынша Ақжар ауданы мен Петропавл қаласындағы № 7 мектептің ко­ман­далары ақтық сайыста бел­десіп, бас жүлдені сарапқа сал­ды. Аса тартыс­ты өткен додада петропавлдық өрен­дердің ме­рейі үстем болып, жарыстың жеңім­па­зы атанды. Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов жеңімпаздардың тынығып қайтуы үшін «Балдәурен» сауықтыру ла­геріне жолдамалар тапсырды. Мұндай құрметке 3-орынға кө­терілген Есіл ауданының командасы да ие болды. – Былтырға қарағанда қаты­су­шылардың саны 1,5 есеге кө­бейіп, ойын ережесі мен тәрті­біне өзгерістер енгізілді. Ең бас­ты­сы, қызықты өтуі үшін талап күшейтілді. Енді, Білім және ғы­лым министрлігінің қолдауымен респуб­ликалық мәртебе алып, өзге өңір оқушыларының қатысуымен биыл Қызылжар өңірінде ұйым­дастыру ұйғарылып отыр, – дейді бағдарламаның авторы Е.Сазанов. Оның алда жоспарлап отырғаны – жобаны ТМД деңгейіне дейін көтеру. Ульяновск қаласында өт­кен бүкілресейлік ассоциацияда бағдарлама таныстырылымының сәтті қабылдануына қарағанда, ойы­­ның жүзеге асатынына шек кел­тіруге болмас. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ