• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы № 261

310 рет
көрсетілді

2015 жылғы 31 желтоқсан, Алматы қаласы Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереженің 22-тармағы төртінші бөлігінің 27) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидалары бекітілсін. 2. Мына: 1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1016 тіркелген «Екiншi деңгейдегi банктердiң аударым және жай вексельдермен операциялар жүргiзу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 397 қаулысының; 2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3684 тіркелген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай коммерциялық вексельдермен операцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы №61 қаулысының 2-тармағының күші жойылды деп танылсын. 3. Төлем жүйелерiн дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О.Пірматовқа жүктелсін. 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Ұлттық Банк Төрағасы Д.АҚЫШЕВ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 261 қаулысымен бекiтiлген Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидалары 1. Жалпы ережелер Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі (бұдан әрі – Вексель айналысы туралы заң) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) аударым және жай вексельдермен (бұдан әрі – вексель/вексельдер) операцияларды жүзеге асыру тәртібін белгілейді. 1. Қағидаларда Вексель айналысы туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) вексель инкассосы (инкассолау) – вексельді төлем үшін ұсыну және клиенттің тапсырмасы бойынша банктің ол бойынша төлем алуы бойынша операция; 2) домицилиант – аударым векселi бойынша төлем жасаушы және жай вексель бойынша вексель беруші; 3) домицилиат – вексель бойынша төлем жасауды жүзеге асырушы делдал ретiнде вексельде көрсетiлген банк. Домицилиат вексель бойынша мiндеттi адам болып табылмайды; 4) домицилиация – аударым векселi бойынша төлем жасаушының немесе жай вексель бойынша вексель берушiнiң тапсырмасы бойынша үшiншi тұлғаның (домицилиаттың) вексель бойынша төлем жасауы; 5) домициль – вексельде көрсетiлген төлем жасау орны; 6) инкассат – ремитент банк немесе инкассациялаушы банк болатын, вексель инкассосы (инкассолау) үшiн қайта тапсыратын индоссамент бойынша вексель алған банк; 7) инкассациялаушы банк – вексель инкассосына (инкассолауға) қатысушы ремитент-банк болып табылмайтын банк; 8) инкассоға тапсырма – клиенттiң ремитент-банкке вексель бойынша төлемдi вексельде көрсетiлген мерзiмде алу және/немесе вексель бойынша төлем жасамауға уақтылы наразылық бiлдiру туралы нұсқаулығы; 9) ремитент банк – инкассоға тапсырма қабылдайтын банк; 10) сенім білдіруші – банктің банкке вексель инкассосын (инкассолауды) жүзеге асыруды тапсыратын клиенті. 2. Банк мына жағдайларда: 1) ол Вексель айналысы туралы заңның 1 және 2 немесе 74 және 75-баптарына сәйкес келмеген жағдайда; 2) индоссаменттер жүйелілігі үзілген жағдайда. Банктің индоссанттар қолдарының түпнұсқалығын, сондай-ақ вексель берушінің және вексель бойынша міндетті басқа тұлғалардың бар болуын тексеруді жүзеге асыруына рұқсат етіледі; 3) вексель бойынша төлем мерзімі аяқталған кезде; 4) вексельдің өзінде оны төлемге ұсыну үшін неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілген жағдайды қоспағанда, егер ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта ақы төленетін вексельді берген сәттен бастап бір жыл өтсе, вексельдермен операцияларды жүзеге асырудан бас тартады. 2. Вексельдердi инкассоға қабылдау 3. Вексель инкассосын (инкассолауды) инкассат және сенім білдіруші немесе инкассоға тапсырмаларға сәйкес ремитент банк арасындағы тиісті шарт негізінде жүзеге асырады. 4. Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша инкассоға тапсырмада мынадай мәліметтер болады: 1) жасау күні; 2) сенім білдірушінің не ремитент банктің және инкассациялаушы банктің (ол бар болса) атауы; 3) вексель бойынша төлем жасаушының не төлем жасау немесе акцепт үшін вексель ұсынылатын өзге тұлғаның атауы; 4) вексель бойынша төлем жасаушы банктің (ол бар болса) атауы; 5) вексель бойынша төлем жасаушының орналасқан жері немесе тұрғылықты жері; 6) вексель бойынша төлем мерзімі; 7) вексель бойынша төлем орны; 8) акцепттің болуы немесе акцепті алу қажеттілігі; 9) вексель бойынша міндетті басқа тұлғалардың атауы немесе тегі, әкесінің аты (ол бар болса) және орналасқан орны немесе тұрғылықты жері; 10) сенім білдірушінің төлемді немесе акцепті алу тәртібі немесе тәсілі туралы нұсқауы; 11) вексель бойынша акцептемеу немесе төлем жасалмаған жағдайда наразылық немесе өзге іс-қимылдарға қатысты нұсқаулар. Инкассоға тапсырмалар санын ремитент банк айқындайды. 5. Инкассат инкассоға тапсырмада көрсетілген нұсқаулықтарға сәйкес іс-қимылдар жасайды. 6. Инкассат инкассоға векcель қабылданған кейiн вексельде немесе инкассоға тапсырмада көрсетілген мерзімнен кешiктiрмей инкассат пен төлеуші арасындағы шартқа сәйкес инкассоға құжаттардың түскенi туралы төлем жасаушыға хабарлайды. Егер вексель инкассоға ұсыну мерзiмi бойынша немесе ұсыну бойынша белгiлі уақытқа берiлсе және инкассоға тапсырмада ұсыным мерзiмi көрсетiлмесе инкассат инкассоға вексельдiң түскенi туралы инкассоға вексельдi қабылданған күннен кейiнгi келесi операциялық күннен кешiктiрмей төлем жасаушыға немесе вексель ұстаушыға жай вексель бойынша хабар жiбереді. 7. Вексель бойынша толық төлем алынған жағдайда инкассат вексель бойынша iшiнара төлем алу жағдайларын қоспағанда, вексельдi төлем жасаушыға өткiзеді. Егер төлем жасау кезiнде төлем жасаушы төлем немесе оның бөлiгi алынғаны туралы вексельде белгi қоюды талап етсе‚ инкассат вексельдiң өзiне осындай белгi қояды. 8. Шетел валютасындағы вексель инкассосы (инкассолау) тәртiбi «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Валюталық реттеу туралы заң), Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 тіркелген, «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №154 қаулысына және Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. 9. Қазақстан Республикасының аумағында вексель инкассосы (инкассолау) ол бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тыс төлем жасалатын жер Валюталық реттеу туралы заңға, Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына және Қағидаларда сәйкес жүзеге асырылады. 10. Егер инкассат төлем жасаушыға төлем үшiн вексель ұсына отырып‚ вексель бойынша ақы төлеуден бас тарту алса не вексельде көрсетiлген мерзiмде вексель бойынша төлемдi алмаса‚ инкассат, егер инкассоға тапсырмада вексель наразылығы туралы талап болса, өзiнiң сенiм бiлдiрушiнің атынан вексель бойынша акцептемеу немесе төлем жасамау наразылығын жасау үшiн вексельді нотариуске ұсынады. 11. Нотариус төлем жасамау наразылығын жасағаннан кейiн банк инкассоға тапсырмада нұсқау болған кезде сенiм бiлдiрушiнiң атынан төлем жасаушыдан оның келiсiмiнсiз вексель бойынша сомаларды өндiрiп алу үшiн Вексель айналысы туралы заңға сәйкес іс-әрекет жасайды. 12. Инкассалаушы банк төлем жасаушыға немесе домицилиатқа төлем жасауға вексельдi вексельдiң өзiнде көрсетiлген мерзiмде ұсынады. Егер вексель бойынша төлем жасау мерзiмi ұсыну бойынша немесе ұсынғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта көрсетiлген жағдайда‚ егер вексель инкассат пен сенiм білдіруші арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, инкассалаушы банк вексельдi алғаннан кейiн вексельдi келесi операциялық күннен кешiктiрмей төлем жасауға ұсынады. 13. Инкассалаушы банк вексель бойынша соманы алғаннан кейiн оларды ремитент банкке аударуды жүзеге асырады. Вексель бойынша соманы алған ремитент банк сенiм бiлдiрушiнiң пайдасына төлемді жүзеге асырады. 14. Инкассат вексель инкассосы (инкассолау) бойынша қызмет көрсету үшiн инкассат пен сенім білдіруші немесе ремитент банк арасындағы шартта көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы алады. 15. Инкассоға тапсырмада көрсетiлген тұрғылықты жер (орналасқан орны) бойынша вексель бойынша төлем жасаушы болмаған жағдайда‚ инкассалаушы банк инкассат пен сенім білдіруші немесе ремитент банк арасындағы шартқа сәйкес осы факті туралы ремитент банкке хабарлайды. Ремитент банк инкассат пен сенім білдіруші немесе ремитент банк арасындағы шартқа сәйкес одан әрi іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін сенiм бiлдiрушiге хабарлайды. Егер инкассоға тапсырмада өзгеше көрсетiлмесе‚ вексельдi төлеу үшiн белгiленген соңғы күнi сенiм бiлдiрушiден немесе ремитент банктен нұсқаулық түспеген жағдайда‚ инкассалаушы банк инкассат пен сенім білдіруші немесе ремитент банк арасындағы шартқа сәйкес төлем жасаушыны немесе домицилиатты iздестiру шараларын қабылдайды. 3. Домицилирленген вексельдердi төлеу 16. Банк клиентпен жасалған шарт негiзiнде домицилиант ретiнде іс-әрекет жасайды. Клиент (жай вексель бойынша вексель беруші немесе вексель бойынша төлем жасаушы) вексельде төлем жасайтын орын ретiнде домицилиаттың орналасқан жерін көрсетедi. 17. Домицилиатты вексель бойынша төлем жасауды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақша сомасымен‚ оның iшiнде регресс сомасының және вексель бойынша төлем жасау үшiн басқа қажеттi сомалардың пайыздарын қамтамасыз ету тәртiбi клиент пен домицилиат арасындағы шартта белгiленедi. 18. Егер клиент вексель бойынша төлем жасауды қамтамасыз етуде домицилиатқа оның келiсiмiнсiз өзiнiң банк шотынан ақша алу құқығын берсе‚ ал клиенттiң банк шотындағы ақша домицилирленген вексельдi төлеу үшін ұсыну сәтiнде төлем жасауға жеткiлiксiз болса‚ банк: 1) төлем жасаудан бас тартады және вексель ұстаушы төлем жасаушыға немесе жай вексель бойынша вексель берушiге талап қою арқылы вексельге наразылық бiлдiредi; 2) не домицилианттың банк шотында бар вексельдiк сомасының қажет бөлiгiнде вексель бойынша төлем жасауды Вексель айналысы туралы заңның 38-бабына сәйкес жүзеге асырады. 4. Вексельдер кепілі 19. Вексель кепілді банктің атына жасалған индоссаментке «қамтамасыз етiлуге тиiс валюта» не «кепiлдiкке берiлетiн валюта» ескертпелерін немесе кепiлді түріндегі өзге де ескертпені енгізумен ресімделеді. Вексель ұстаушы банк вексельден туындайтын барлық құқықты жүзеге асырады және ол қойған индоссаменттiң қайта кепiлдiк берушi индоссамент ретiнде күшi болады. 20. Вексель кепілімен қамтамасыз етілген банктік қарызды өтеу мерзімі вексель бойынша төлем мерзімінен аспайды. Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидаларына қосымша Нысан Инкассоға тапсырма Жасау орны ________________________ Жасау күні _________________________ Клиент/вексель ұстаушы/ремитент ___________________________________________________________________________________________ заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Ремитент банк ___________________________________________________________________________________________ атауы және орналасқан орны Төлеуші ___________________________________________________________________________________________ төлеушінің пошталық мекенжайы (жеке тұлғаның тұрғылықты жері заңды тұлғаның орналасқан орны) ___________________________________________________________________________________________ Төлеушінің банкі ___________________________________________________________________________________________ атауы және орналасқан орны Вексель бойынша төлем орны ___________________________________________________________________________________________ Вексель бойынша төлем мерзімі ___________________________________________________________________________________________ Вексель бойынша міндетті өзге тұлғалар ___________________________________________________________________________________________ атауы және пошталық мекенжайы (жеке тұлғаның тұрғылықты жері / ___________________________________________________________________________________________ заңды тұлғаның орналасқан орны) ___________________________________________________________________________________________ Клиенттің нұсқаулықтары ___________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ Вексель бойынша наразылық талаптары ___________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________ Ерекше белгілер ___________________________________________________________________________________________ Мөр (бар болса) _____________________________ (ремитент банктің қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13071 болып енгізілді.