Қазақстан • 23 Қаңтар, 2020

Елордада боранға байланысты бірнеше рейс кейінге шегерілді

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада боранның кесірінен 32 әуе рейсінің уақыты кейінге шегерілді. Одан бөлек, қала маңындағы елді-мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердің де жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада боранға байланысты бірнеше рейс кейінге шегерілді

Елордада боранның кесірінен 32 әуе рейсінің уақыты кейінге шегерілді. Атап айтқанда, «Air Astana» әуе компаниясының 9 рейсі (олардың ішінде Омбы, Ташкент, Мәскеу мен Киев қалаларына бағытталған халықаралық бағыт), «Qazaq Air» әуе компаниясының Алматы және Қостанай қалалырна 2 рейсі, «Fly Arystan» әуе компаниясының Павлодар және Қостанай қалаларына арналған 3 рейсі, «SCAT» әуе компаниясының Ұлан-Батыр, Алматы және Ақтөбе қалаларына бағытталған 3 рейсі, «LOT Polish» әуе компаниясының Варшаваға бағытталған 1 рейсі кешіктірілген.

«Қолайсыз метеожағдайға байланысты әуежайда 15 рейс әуе кемелерінің басқа қалалардан кеш келуіне байланысты орындалмай отыр.