Коронавирус • 20 Наурыз, 2020

Тағы жұқтырғандар бар

1724 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде індет жұқтырғандардың саны 52-ге артты. Кеше Алматыда тағы бір науқас тіркеліп, жұқпалы дертке шалдыққандар 22 адам болса, Қарағанды қаласынан екі науқас анықталды. Ал Нұр-Сұлтан қаласында 3 жағдай тіркеліп, науқастардың саны 28-ге жетті.

Тағы жұқтырғандар бар

Кеше түске дейін Денсаулық сақтау министрлігі үш науқастың жаңадан тіркелгенін хабарлады. Артынша министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп науқастардың жағдайы жайлы баяндады. Оның айтуынша, Қарағанды қаласындағы екі науқас та №0324 Минск – Қарағанды рейсімен ұшып келген Қазақстан азаматтары. Олар 1971 және 1972 жылдары туған. Ал Алматыда үш азамат вирус жұқтырған. Оның бірі Берлин қаласынан ұшып келген 1979 жылғы әйел болса, екіншісі Франциядан ұшып келген 1997 жылғы ер адам. Үшіншісі – 1982 жылғы әйел адам. Бұл күні Нұр-Сұлтанға 3 халықаралық борт келді. Жолаушыларды қарсы алу кезінде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары сақталыпты.

Министрліктің соңғы ақпаратына сүйенсек, кешегі күні 787 адам стационарда карантинге алынса, 2687 азамат үй карантинінде жатыр. Айта кетейік, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирус туралы жаңа сайттың іске қосылғанын хабарлады. Жаңа
www.coronavirus2020.kz сайтында тө­тен­ше жағдай бойынша, карантин кез­індегі тәртіп пен мемлекеттің корона­ви­русқа қарсы жасап жатқан шаралары, сондай-ақ, желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару сияқты бар­лық өзекті ақпараттар жинақталмақ.