Өнер • 20 Наурыз, 2020

Карантинде домбыра тартуды тегін үйреніңіз

4833 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір елімізде төтенше жағдай уақыты. Осы кезеңде қоғам, әсіресе, карантин жарияланған қалалардағы көпшілік «Уақытты қалай тиімді пайдануға болады?» деген сауалға жауап іздеп әлек. Біздің пайдалы ұсынысымыз бар.

Карантинде домбыра тартуды тегін үйреніңіз

Сайтымызды үнемі бақылап жүретін қырағы көзді оқырмандарымыз хабардар болар, домбыра тартудың ми жұмысын жетілдіретінін жазып, порталымызда домбыра курсының видео-сабақтарын жүктегенбіз. Бұл сабақтар арқылы бір курсты аяқтап, оңай күйлер мен әндерді тартып үйренуге дейінгі деңгейге қол жеткізуге болады.

Айта кетейік, домбыра үйрену сабағын кәсіби маман жүргізеді. Ол – Күйшілер одағының мүшесі, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, күйлері «Шалқар» радиосының Алтын қорына енген дарынды автор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері әрі профессор Ж.Жүзбайдың шәкірті - Еңглік Қайратқызы.

Видео-сабақтардың сілтемелерін төмендегі тізбеден таба аласыздар:

1-сілтеме;

2-сілтеме;

3-сілтеме.

 

Соңғы жаңалықтар