Қазақстан • 26 Наурыз, 2020

Алматыда көгершіндер қырылып қалды

4377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда көгершіндердің неден қырылғаны анықталып жатыр. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлімдеді.



Алматыда көгершіндер қырылып қалды

«Бүгін бізге Алматыдағы 28 панфиловшы саябағында жансыз жатқан әрі әлсіреп құлаған көгершіндерге қатысты фото мен видео материалдар келіп түсті. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы облысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, көгершіндерді тексеру үшін лабороториялық зерттеу жүргізгелі жатыр» деп жазды Сәкен Ділдахмет facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ ол құстардың қырылу себебі зерттеуден кейін ғана жарияланатынын мәлімдеді.

Айта кетсек, әлеуметтік желіге тараған өлі құстарға қатысты әртүрлі болжам айтылып жатыр. Әлеуметтік желінің кейбір қолданушысы көгершіндердің өлімін қалада жүргізілген дезинфекциялық жұмыстармен де байланыстыруда.

 

Соңғы жаңалықтар