Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға былай болған: Жеке кәсіпкер ауылдағы дүкеннен сағат 23:20 шамасында алкогольдік ішімдік сатқан. Осылайша «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 жылғы жарлығы, «Қазақстан Республикасына пандемия кезенінде короновирустық инфекцияның әкелінуін және таралуын болдырмау жөніндегі шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20 қаулысының талаптарын орындамаған.
Төтенше жағдай режимiн бұзғаны үшін жеке кәсіпкер «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 476-бабының 6-тармағы бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 26 510 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған жеке кәсіпкерге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 200 бабы 1 бөлігімен және тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асырғаны үшін 462 бабының 3 бөлігімен екі әкімшілік іс қоса қаралып, оған әкімшілік жаза ретінде айыппұлдар салынып, алкогольдік ішімдіктер тәркіленіп, 1 ай мерзімге лицензияның қолданысын тоқтатты.
«Бұл қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ» деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан