Коронавирус • 31 Наурыз, 2020

Қазақстанда коронавирустан екінші науқас қайтыс болды

2413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады.

Қазақстанда коронавирустан екінші науқас қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан екінші адам көз жұмды. 50 жастағы  науқас ауруханаға 21 наурыз күні жатқызылған. Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарға шығумен байланысты болған.

Отбасы мүшелері мен жұмыс бойынша қызметкерлер қатарындағы 31 жақын адам ауруханаға жатқызылды. 55 адам үй карантиніне жатқызылды. Одан әрі отбасының мүшесінде коронавирустық инфекция тіркелген.

«31 наурыздағы жағдай бойынша ауруханада 1 693 адам жатыр, оның ішіндегі 96-сы балалар. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 175 коронавирустық инфекция оқиғасы тіркелді. Стационарлық емделуде 159 адам, 15 адам сауығу нәтижесімен шығарылды. Өкінішке қарай, бүгін бір оқиға өліммен аяқталды», - деді қалалық  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.