«Құрметті қазақстандықтар! Төтенше жағдай туралы заңға сәйкес Мемлекет басшысы 2 сәуірде Қарулы күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл Жарлықтың негізгі, басты мазмұны – әкімдерге әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыруға мүмкіндік және құқық беру. Ал басты мақсаты – ең алдымен біздің халқымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау және қамтамасыз ету», - деді министр.
Министрдің айтуынша, жиын заңға сәйкес үш айға дейін созылуы мүмкін. Әйтсе де жиынның мерзімін өз қажеттілігіне қарай жергілікті атқарушы орган белгілейді. Әскери міндетін атқару үшін азаматтар өзге өңірлерге шақырылмайды - тек тұрғылықты жері бойынша. Әскерге әскери міндеттілер және әскери қызметке жарамды адамдар шақырылады.