Коронавирус • 04 Сәуір, 2020

Шымкентте тағы бір адам коронавирус індетін жұқтырды

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында ​ 4 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді.

Шымкентте тағы бір адам коронавирус індетін жұқтырды

Қаладағы 8-шағынауданда тұратын ата-анасына Нұр-Сұлтан қаласынан келген​ 24 жасар азаматша оқшауланды. Науқастың жағдайы қалыпты.

Қазіргі таңда қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізілуде. Науқаспен байланыста болған 21 адам анықталып, олар да оқшауланды (оның алтауы жақын туысы).

Бүгінде қалада жалпы коронавируспен 12 адам тіркелді.

Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова мәлімдеді.

 

ШЫМКЕНТ