Қазақстан • 29 Маусым, 2020

Журналист Қуандық Шамахайұлы өмірден өтті

1259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық белгілі журналист, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиеттану саласының доценті, ҚР мәдениет қайраткері – Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналист Қуандық Шамахайұлы өмірден өтті

Туыстарының айтуынша, 59 жастағы журналист өкпесі қабынып өткен аптаның басында Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханалардың бірінде емделген. Бүгін, 29 маусым күні көз жұмғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Қуандық Шамахайұлы - Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлықтың лауреаты. 1993 жылы Монғолия жазушылар одағына мүшелікке өткен. Түрік жазушысы Әзиз Несиннің, қазақ жазушылары: Оралхан Бөкейдің, Бердібек Соқпақбаевтың, Төлеген Қажыбаевтың, Гүлзат Шойбекованың және монғолиялық қазақ қаламгерлер: Кәкей Жаңжуңұлының, Батай Мақабылұлының шығармаларын монғол тіліне аударған. Сонымен қатар бір топ монғол сатириктерінің туындыларын қазақшаға тәржімалап Баян-Өлгийде жеке кітап етіп бастырған.

Қазақ және монғол баспасөзінде алпыстан астам әңгімесі жарық көрген. Аудармашы осы жинақта Монғолия жазушыларының жиырма шақты әңгіме, повестері мен бір шағын романын түпнұсқадан тікелей аударып, қазақ оқырмандарына ұсынған.