"Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясы статистикасын біріздендіруді міндеттеді. Коронавирус статисткасынан бөлек пнемонияға да назар аудару керек. Осыған байланысты коронавирус пен пневмония бойынша мәліметтің барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі жаңа статистикалық мәліметті тіркеу бойынша жаңа тәсілдерді анықтады", - деді ол.
Министрдің айтуынша Қазақстанда коронавирустың жаңа статистикасы 1 тамыздан бастап жүргізіледі.
"Маусым айының үшінші онкүндігінен бастап қоздырғышы айқындалмаған, яғни зертханалық тұрғыда расталмаған пневмония жағдайы артты. COVID-19 індетін жұқтыру мен өлім-жітім статистикасы мәліметтердің екі көзінен құралады: COVID-19 жағдайының зертханалық тұрғыда расталған мәліметтері мен айқындалмаған вирусты пневмония бойынша мәліметтер. Халықаралық аурулар квалификациясының жаңа кодын қолдана отырып, COVID-19 кодтауына толық өту 1 тамызда басталады", - деді Алексей Цой.