26 Шілде, 2020

Фируза Шәріпованың тағы бір айқасы пандемияға байланысты өтпей қалды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова Беларусьтің Минск қаласында кезекті жекпе-жегіне шығуға тиіс еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты айқас өтпейтін болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Фируза Шәріпованың тағы бір айқасы пандемияға байланысты өтпей қалды

"Достар! Ертең Минскіде менің жекпе-жегім өтуге тиіс еді. Өкінішке қарай, коронавирусқа байланысты мен Беларуське жете алмай қалдым. Оның себебі - шекараның жабық болуы. Өздеріңіз білесіздер, Қазан қаласындағы кездесу де осы себеппен кейінге қалған болатын. Бірақ мен айқасқа дайынмын. Менің командам маған Ресейден қарсылас тауып береді деп үміттенем. Бұл жайлы кейінірек хабарлаймыз. Маған орын ұсынған Suleimen Promotions промутерлік компаниясына шексіз ризашылығымды жеткізгім келеді. Алайда шекараның жабықтығына байланысты Минскідегі шараны ұйымдастыру мүмкін болмады", - деп жазды Фируза Шәріпова Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, Фируза бұған дейін Олимпиада финалисі Софья Очигавамен айқасқа шығу үшін жан-жақты әзірленген болатын.