Руханият • 12 Шілде, 2020

Америка радиолары Димаштың әндерін бере бастады

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америка Құрама Штаттарының радиостанцияларында Димаш Құдайбергеннің әндері тұрақты беріліп келеді. Бұл туралы  Egemen.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Америка радиолары Димаштың әндерін бере бастады

Биылғы 28 мамырда "KMRD-LP.FM" радиостанциясы Димаштың әнін алғаш қойған күні аталмыш радио тыңдармандарының саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Қазақ әншісінің жанкүйерлері эфирді АҚШ-тың түкпір-түкпірінен тыңдаған.

"KMRD" – Мадридтегі (Нью-Мексико) танымал радиостанция. Онда штатқа әйгілі жалғыз диджей Трифтидің (DJ Thrifty) бағдарламасы таралады. Бағдарлама күн сайын тау уақытымен сағат 21:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 9:00-де) әуе толқынына шығады. Қазақстандық орындаушының дауысына тамсанған диджей Трифти: «Расымен де, Американың радиоэфирлерінде бұл жігітке аз уақыт бөлінеді екен, ұзарту керек», – деген. Содан бері диджей Трифти өз бағдарламасына Димаштың әндерін тұрақты түрде қосып келеді", - делінген сайттағы ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар