Қоғам • 17 Қыркүйек, 2020

Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалына өтті

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова АҚШ-та өтіп жатқан America' s Got Talent шоуының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Данэлия Төлешова America's Got Talent шоуының финалына өтті

"Данэлия Төлешова бір тәулік ішінде АҚШ көрермендерінің дауыс беру нәтижелері бойынша фавориттер қатарынан көрінді. Ол әлемдік шоудың финалында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Финалға өту үшін сынға түскен қатысушылардың үштігінде Данэлиямен бірге "Golden buzzer"-дің екі иегері бар. Олар қазылар алқасының арнайы қолдауына ие болды. Алайда көрермендер қазақстандық әнші Данэлияны қолдады", - деп жазды Данэлия Төлешованың PR-директоры Татьяна Синенко Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, America' s Got Talent 15-кезеңінің финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.

"Осы уақыт ішінде мені қолдағандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Бұл шешуші апта болмақ, көп жұмыс істеу керек. Мен сіздердің үміттеріңізді ақтауға тырысамын", – деді Данэлия Төлешова.