Әлем • 02 Қазан, 2020

Трамп отбасымен карантинге кетті

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің кеңесшісі Хоуп Хикстан коронавирус анықталғанын, сол себепті өзі де ПТР тест нәтижесі шыққанша карантинге жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Трамп отбасымен карантинге кетті

"Қысқа үзілістерсіз де көп жұмыс істеген Хоп Хикстің дәл қазір COVID-19 тесті оң нәтиже берді. Сұмдық! Бірінші ханым екеуміз тест нәтижелерін күтіп отырмыз. Осы уақыт аралығында біз карантиндік оқшаулануды бастаймыз!", деп жазды Трамп өзінің твиттерінде.

Бұған дейін БАҚ Трамптың жақын кеңесшілерінің бірі Хоуп Хикстің коронавирусты жұқтырғаны туралы хабарлаған. Хикстің 29 қыркүйектегі дебаттарға және 30 қыркүйекте Миннесотадағы митингіге сапарлар кезінде Трамппен бірге болғандығы атап өтілді.