Аймақтар • 09 Қазан, 2020

Солтүстіктегі Булаев қаласы карантинге жабылды

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 9 қазаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев қаласы коронавирус індетін жаппай жұқтырудың алдын алу мақсатында қатаң карантинге жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Солтүстіктегі Булаев қаласы карантинге жабылды

Аудандық бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, Булаев және Мағжан Жұмабаев ауданының басқа ауылдары, сондай-ақ Петропавл арасында ресми, бейресми тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.

Сағат 22.00-ден 06.00-ге дейін тұрғындардың үйлерден шығуы шектеледі (жұмыс және медициналық көмектен басқа). Қалған уақытта жақын маңдағы дүкенге, дәріханаға шығуға, қоқысты шығаруға рұқсат етіледі.

Сонымен бірге көршілерге, таныстарға, туыстарға, әріптестерге баруға тыйым салынады. Бұдан бөлек, сағат 19.00-ден кейін ересектердің қарауынсыз кәмелетке толмағандардың жүруіне шектеу қойылды. Ал 65 жастан асқан егде жастағыларға өзін өзі оқшаулау режімін сақтау керегі айтылды.