Жекпе-жек екінші кезеңде бітті. Жәнібектің дәл тиген ауыр соққысынан кейін Г.Кория орнынан тұра алмай қалды. Мұның алдында аргентиналық боксшы бірінші раундта нокдаунға түскен еді. Осылайша 27 жастағы Ж.Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, WBO Global және WBC ContinentalAmericas титулдарын қорғап қалды.