Әлем • 23 Қазан, 2020

Франция мен Грекияда комендаттық сағат енгізілді

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның астанасымен қоса, тағы сегіз қаласында комендаттық сағат енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Франция мен Грекияда комендаттық сағат енгізілді

Елдің үкімет басшысы Жан Кастекс індеттің  жылдам таралуын тоқтату мақсатында елдің тағы ондаған ауданында коменданттық сағат түнгі уақытта дейін ұзартылатынын мәлімдеді.

Францияда коронавирусқа шалдығудың рекордтық, яғни  41 622 жаңа оқиғасы тіркелді. Коменданттық сағат жұма күннен бастап енгізіледі және ол сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін созылады. Бұл 46 миллионға жуық адамға қатысты қолданатын шара болмақ. Соңғы тәулікте вирустан тағы 162 адам көз жұмған.

Сондай-ақ Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакис 24 қазаннан бастап COVID-19 қауіпті вирусына қарсы іс-әрекеттер қолдану мақсатында жаңа карантин шектеулері енгізілетінін хабарлады.

Сенбі, 24 қазан күнгі таңғы сағат 6-дан бастап елде маска тағу режімі енгізіледі. Енді тұрғындар масканы тек ғимарат ішінде ғана емес, көшелерде киюге міндетті болады.

Бұдан басқа, эпидемиялық жағдайы күрделі аймақтарда коменданттық сағат енгізіледі. Ол түнгі сағат 00:30-дан таңғы 5:00-ге дейін созылады. Соңғы деректерге сәйкес Грекияда COVID-19 вирусына шалдығудың 28 216 оқиғасы расталып, коронавирус инфекциясынан 549 адам қайтыс болды.