Әлем
1 мин оқу 276
Измирдегі жер сілкінісі құрбандарының саны өсіп келеді
<p style="text-align: justify;">Измирдегі жер сілкінісі құрбандарының саны 25-ке жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> АА.com сайтына сілтеме жасап.</p>

"Измир қаласында 743 тұрғын зардап шекті, бесеуі Маниса провинциясында, екеуі Балыкесирде және Айдын провинциясында 54 адам, барлығы 804 адам", делінген хабарламада.
Қираған 17 тұрғын үйдің сегізінде іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Түркияның батысында жұма күні жергілікті уақыт бойынша 14.51-де 6,6 баллдық жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізінде Измир провинциясының Сеферхисар ауданының жағалауында болған. Жер сілкінісінің ошағы 16,5 км тереңдікте орналасқан.
Бөлісу: