Аймақтар • 21 Қараша, 2020

Нұр-Сұлтанда дәмханалардың бірінде жарылыс болды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада дәмханалардың бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда дәмханалардың бірінде жарылыс болды

"2020 жылдың 21 қарашасында, сағат 12:25-те Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне дәмхана ретінде жабдықталған коттеджде газ баллонының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті", деді Талғат Уәли.

Оның атап өтуінше, өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткен кезде үйдің ішінде бір қыз бен 15 газ баллоны бар екені анықталған.

"Жарылыс салдарынан ас бөлмесінің төбесі опырылып түскен. Алдын ала деректерге сәйкес, қыз үйінді астында қалып қойып, оқиға орнында қаза тапқан", деді ресми өкіл.