Қазақстан • 19 Қаңтар, 2021

Жыл соңына дейін 6 млн адамға вакцина салынады

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда биыл 6 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу көзделген. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Жыл соңына дейін 6 млн адамға вакцина салынады

«Контингент келесі тәртіпте белгіленген: бірінші кезеңде инфекциялық ауруханалардың медицина қызметкерлеріне, жедел жәрдем қызметінің мамандарына, жан сақтау бөлімінің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің, ауруханалардың қабылдау бөлімінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандарына, нақтырақ айтқанда 100 мыңға тарта азаматқа вакцина салынады», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне, ЖОО оқытушыларына, ведомстволық медицина қызметінің мамандарына, нақтырақ айтқанда наурыз айынан бастап шамамен 150 мың адамға екпе егіледі. Үшінші кезеңде мектеп-интернаттарының педагогтеріне, балалар мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлеріне, студенттерге, созылмалы аурулары бар азаматтарға (сәуірден бастап шамамен 600 мың адам) вакцинациялау жүргізіледі.

Вакцинаны жеткізу легі 4 кезеңнен тұрады.

• Бірінші кезең - өндірушіден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына дейін жеткізу;

• Екінші кезең – бірыңғай дистрибьютордың қоймасынан Денсаулық сақтау басқармаларының дәріханалық қоймасына дейін жеткізу;

• Үшінші кезең - денсаулық сақтау басқармаларының дәріханалық қоймасынан аудандар мен қалалардың медицина ұйымдарына дейін жеткізу;

• Төртінші кезең – медицина ұйымдарында осы вакциналарды сақтау.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше