Қоғам • 25 Қаңтар, 2021

Шымкент циркі жабайы жануарларды босатты

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттегі цирк жануарлар қолданылатын қойылымдардан бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкент циркі жабайы жануарларды босатты

Цирк өзінің Instagram парақшасында 2021 жылды эксперименттік жобамен бастайды деп хабарлаған болатын. Бұл жобаның негізгі бағыты - жануарларды қойылымдарынан алып тастау.

Атап өтсек, әлемнің 45-тен астам елі цирктерде жабайы жануарларды пайдаланудан толығымен бас тартты.

Нәтижесінде, Шымкенттік цирк келесі бағыттарда дамитын болады:

- Клоунада және шапито

- Джигитовка және каскадерство

- Жонглерлік өнер және эквилибристика

- Әуе гимнасттары

Жаңа эксперименттік цирк бағдарламасы Наурыз мерекесі мен қазақ балуаны және цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай дәстүрлі ұлттық нақышты сақтап, "Дю Солей" циркінің үздік әдістемелерін пайдалана отырып таныстырылады.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше