«Қайсар» Түркияда жолдастық кездесулер өткізеді

Қызылорданың «Қайсар» командасы оқу-жаттығу жиынын өткізуге Түркияға аттанды. Команда осыған дейін екі рет облыста жаттығу жиынын өткізген. Сонда көзге түскен футболшылар Анталиядағы жиынға шақырылып отыр.

Өткен маусымда өнер көрсеткен ойыншылардың дені командадан кетті. Легионерлерге қатысты мәселе жақын күндері шешімін табады.
- Түркияда жаңа ойыншыларды сынақтан өткіземіз. Негізгі басымдықты жергілікті футболшыларға береміз. Негізгі мақсат алдағы бес жылдықта танымал ойыншылар шығару, - дейді «Қайсар» ФК директоры Серік Досманбетов.
Команданың бас бапкері Сұлтан Әбілдаев бірнеше шетелдік футболшымен келіссөз жүргізіліп жатқанын да айтып өтті. «Қайсар» Анталияда 5 жолдастық кездесу өткізеді. Ал ел біріншілігі 12-ші наурызда басталады.
Үшінші оқу-жаттығу жиынына қақпашылар Марсель Исламқұлов, Нұрымжан Салайдын, қорғаушылар Елжас Сарбай, Олжас Алтаев, Иван Граф, Ілияс Әмірсеитов, Абылайхан Төлегенов, жартылай қорғаушылар: Данияр Әлімжан, Бекзат Құрманбекұлы, Аян Құлмағанбетов Думан Нәрзілдаев, шабуылшылар Шоқан Абзалов пен Өркен Махан шақырту алып отыр. Шабуылшы Елжас Алтынбеков жарақатына байланысты оқу-жаттығу жиынына кейінірек қосылатын болады.