Аймақтар
1 мин оқу 410

«Ертіс орманы» резерватында өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ,&nbsp; деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Асайын  Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

-   Шарбақты ауданында «Ертіс орманы» резерватының Шалдай филиалы    аумағында  өрт шықты.  Алдын ала болжам бойынша,  құрғақ шөп  пен ағаштар (қарағай) жанған. Дала орманшылығында 149 кварталда өрт қауіптілігінің 3 сыныбы тіркелді. Оқиға орнында Шарбақты ауданының әкімі мен орынбасары бар, мен де өрт орнына шықтым, - деп жазады  Асайын  Байханов.

Тілсіз жауды жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндірушілер құрылымы және Ертіс орманы орман шаруашылығынан 44 қызметкер мен 13 техника жұмылдырылды.


Бұдан басқа, сағат 16:30-да Павлодар облысы ТЖД-нан өрт сөндіруге көмек көрсету үшін қосымша 7  техника  мен жеке құрамның 24 қызметкерінен тұратын колонна  жұмыс істеді  Павлодар қаласынан қосымша техника жіберіледі.

Облыстық ТЖД департаментінде 300 гектар аумақ жанып кеткенін хабарлады.

Бөлісу: