Алматы облысы ТЖД мәліметінше, оқиға пайдаланылған шиналардың вакуумдық пиролизіне арналған резервуардағы жарылысқа байланысты орын алды.
«Цехтың үш қызметкері зардап шекті. Екі адамның жағдайы орташа, біреуі ауыр. Олардың барлығы Талдықорғандағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді», деп нақтылады ведомстводан.
Оқиға орнына облыстық ТЖД-дан 24 қызметкер мен 9 техника жіберілді.
«Жарылыстың болжамды себебі балқыту кезінде пайда болған жанғыш заттардың сыйымдылығының жұмыс аймағында бу жиналуының технологиялық процесс бұзылғанынан болуы мүмкін», деп толықтырды баспасөз қызметі.