Қазақстан
1 мин оқу 1,472
Қазақстан банкінен $15 миллион жымқырған күдікті ұсталды
<p style="text-align: justify;">Ресей Федерациясының Мәскеу облысында Қаржылық мониторинг агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті іздеу жариялаған В.Власов ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ұсталған азаматқа қатысты «Банк РБК» АҚ-ның 15 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі несие қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
«Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген В. Власов 2018 жылдан бастап халықаралық іздеуде болды. Қазіргі уақытта іздестірілуші Мәскеу облысының Ішкі істер органдарының күзетінде. Оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешілуде», деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Бөлісу: