Теннис
1 мин оқу 223
Рыбакина турнирді сәтті бастады
<p style="text-align: justify;">Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида 500 WTA турнирін көңіл көншітерлік нәтижемен бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Айтулы аламанда жетінші нөмірмен сынға түсіп жатқан қазақстандық теннисші австралиялық Сторм Сандерске қарсы кортқа шықты. Кездесудің бірінші сетінде отандасымыз қарсыласынан 6:4 есебімен айласын асырғанымен, екінші кезеңде Сторм Сандерс 6:1 есебімен басым түсті. Шешуші сетте қазақстандық теннисші 6:1 есебімен қарсыласын ойсырата жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Бөлісу: