Тағайындау • 06 Қаңтар, 2022

Кәрім Мәсімов қызметінен босатылды

744 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Төрағасы қлауазымынан босатылды деп хабарлайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәрім Мәсімов қызметінен босатылды

Аталған қызметке Ермек Сағымбаев тағайындалды.

«Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылсын», делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары тағайындалған болатын. Бұл лауазымды атқарған Самат Әбіштің орнына Мұрат Нұртілеу келді.