Әлем
1 мин оқу 410

Буркина-Фасо астанасында оқ атылды

<p style="text-align: justify;">23 қаңтар Буркина-Фасо астанасы Уагадугу қаласында атыс дауыстары естілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, дыбыстар Сангуле-Ламисана әскери лагері аумағынан шыққан. 

Үкімет жазбаша мәлімдемесінде Уагадугу қаласындағы екі әскери казармадан атыс естілгенін растады. Бірақ мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болды деген болжамды жоққа шығарды. 

Үкімет өкілі Алкассум Майга халықты сабырға шақырды. 

Айта кетейік, Буркина-Фасода соңғы апталарда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айыппен әскери қызметкерлер жаппай тұтқынға алына бастады.

Бөлісу:
Буркина-Фасо астанасында оқ атылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар