Референдум-2022 • 05 Маусым, 2022

Референдум учаскелерінде дауыс беру басталды

601 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дауыс беру 9 964 референдум учаскесінде өтіп жатыр. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Референдум учаскелерінде дауыс беру басталды

«Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалық референдум комиссияларының деректеріне сәйкес, астана уақытымен сағат 08.00-дегі жағдай бойынша барлық өңірде 9 947 референдум учаскесінде дауыс беру басталды.

Сондай-ақ 15 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 17 учаскеде дауыс беру басталды. Шетелдегі 48 учаске уақыт айырмашылығына байланысты өздерінің жергілікті уақытымен дауыс беруге кірісті. Осылайша, қазір дауыс беру 9 964 референдум учаскесінде өтіп жатыр», деді Мұхтар Ерман.

Оның атап өтуінше, сағат 10-нан бастап Орталық референдум комиссиясының мүшелері әр екі сағат сайын брифинг өткізеді.

Аяна Тоғанбек