Әлем • 06 Маусым, 2022

Финляндия мен Швеция әскери оқу-жаттығу өткізді

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

НАТО Балтық теңізінде әскери-теңіз жаттығуларын бастады. Оған 7 мыңнан астам теңізші, әуе және теңіз жаяу әскері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ABCnews-қа сілтеме жасап.

Финляндия мен Швеция әскери оқу-жаттығу өткізді

Кеше НАТО Балтық теңізінде әскери-теңіз оқу-жаттығуларын бастады. Оқу-жаттығу жиыны екі аптаға созылады. Оған 16 елден 7 мыңнан астам теңізші, әуе және теңіз жаяу әскері, соның ішінде Финляндия мен Швецияның екі үміткер әскери одақ мүшелері қатысады.

1972 жылы бастау алған жыл сайынғы BALTOPS әскери-теңіз жаттығулары қандай да бір нақты қауіп-қатерге жауап ретінде өткізілмейді. Бірақ әскери альянс: «Швеция мен Финляндияның қатысуының арқасында НАТО альянсқа қосылуға үміткер екі Скандинавия елімен бірге біріккен күшін арттыру үшін мүмкіндікті пайдаланып жатыр», деп мәлімдеді.

АҚШ-тың жоғары әскери шенеунігі 45 кеме мен 75 ұшақ қатысатын әскери-теңіз жаттығулары алдында НАТО-ның Хельсинки мен Стокгольм үкіметтеріне қолдау көрсетуі ерекше маңызды екенін айтты. 

«Америка Құрама Штаттары және НАТО-ның басқа елдері үшін бұл жаттығуда Финляндия және Швециямен ынтымақтасу маңызды», деді Біріккен штаб төрағасы.

НАТО-дағы жақын серіктестер ретінде Финляндия мен Швеция 1990 жылдардың ортасынан бері әскери-теңіз жаттығуларына қатысып келеді.

17 маусымда Германияның Киль портында BALTOPS 22 жаттығуларын аяқтау жоспарланған.

Гүлдана Елубай 

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15

Мемлекетшіл тетік

Пікір • Бүгін, 12:00

Түйсіктің дәні

Руханият • Бүгін, 11:50