Президент • 17 Маусым, 2022

Қазақстан инвесторлар құқығын қорғау міндетін орындайды - Президент

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан инвестициялық бағытта дәстүрлі серіктестерінің алдында өзінің барлық міндеттерін толыққанды орындайды. Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан инвесторлар құқығын қорғау міндетін орындайды - Президент

Мемлекет басшысы елді ауқымды жаңғырту аясында экономикада монополиясыз және сыбайлас жемқорлықсыз жаңа ойын тәртібін құру қадамдары жүріп жатқанын атап өтті.

Осы орайда Президент бірінші кезектегі міндет инвесторлар құқығын, тұрақтылықты барынша қорғау мақсатында кәсіпкерлікті қолдау мен бизнес-климатты жақсарту болып отырғанын айтты.

«Біздің дәстүрлі серіктестеріміздің алдында өзіміздің барлық міндеттерімізді толыққанды орындайтын боламыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Менің ойымша, өңірдегі барлық елдердің тұрақты дамуы үшін ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін айқындап, экономиканың өсуін қалыптастыру керек.

Сонымен қатар Президент халықаралық әрі өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысындағы маңызды міндетті үнемі қаперде ұстау керектігін тілге тиек етті.