Әлем
1 мин оқу 201

Пәкістанда әскери тікұшақ жоғалып кетті

<p style="text-align: justify;">Пәкістанда 6 әскери қызметкер мінген әскери тікұшақ табылмай жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Олардың арасында генерал-лейтенант Сарфараз Әли бар.

Олар Белуджистаннан ұшып шыққаннан кейін 6 сағат бойы байланысқа шықпаған. Осыған байланысты іздеу-құтқару жұмыстары басталды. Тікұшақ Карачиге қарай бет алған.  

Оқиға Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шарифтің бақылауына алынды.

Бөлісу: