Оқиға • 26 Қыркүйек, 2022

Ресейде белгісіз біреу мектепте атыс шығарды

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Ижевск қаласында орналасқан мектепте атыс болды. Оқиға салдарынан білім беру мекемесінің күзетшісі қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz 5-tv.ru сайтына сілтеме жасап.

Ресейде белгісіз біреу мектепте атыс шығарды

Атыс сабақ уақытында басталған. Сыныпқа қара киімдегі ер азамат кіріп, оқ атқан. Сол уақытта мектеп директоры жараланған жеткіншектің біреуін алып кабинетке  жасырынып үлгерген.

Аталған жағдай жайлы ақпараттар жинақталуда. Оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр.

Mash-телеграм арнасының ақпаратына сүйенсек, атыс салдарынан 9 оқушы зардап шеккен. Балалар атылған оқтан аман қалу үшін жоғарғы қабаттардан секірген. Жеті жасар алты оқушы ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі ауыр жарақат алған, ал төрт оқушының  жағдайы орташа.  Бұл балалардың атыс салдарынан жарақат алғаны, әлде жоғарғы қабаттан секіргеннен жарақаттанғаны әзірге белгісіз.

 

атыс

Гүлім Садырбек