Оқиға
1 мин оқу 631
Қарағанды облысындағы шахтада төрт кенші қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Бүгін түнде Қарағандыдағы Ленин атындағы шахтада апат болып, төрт кенші қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
3 қараша күні сағат 03:03-те «Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты Ленин атындағы шахтада апат болды. Оқиға кезінде шахтада 106 қызметкер болған. Оның 101-і жер бетіне көтерілген, 5 адам қалып қойған.
«4 шахта жұмысшысының қаза тапқаны анықталды. Олар Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жатқызылды», деп хабарлады әкімдік.
Оқиға орнына компания басшылығы, облыс және қала әкімі барды. «Көмір» жедел-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу: