Фото: Zakon.kz
«Төле би - Абылай хан көшелерінің дәл ортасында жан түршігерлік жол апаты болды. Екі автобус бір-біріне соқтығысып, саябаққа шығып кетті. Оқиғадан зардап шеккен жолаушылар көп», деп жазды оқиға куәгері Facebook парақшасында.
Басқа куәгердің айтуынша, жол апатына ұшыраған бір автобустың астында екі жаяу жүргінші қалып қойған. Ал екінші автобус саябақтағы ағашқа соғылған.
Алматы қалалық мобильділік басқармасында мамандар оқиға орнында құзыретті органдармен бірлесіп, тиісті жұмыс жүргізеді деп жауап берді.