Сайлау • 20 Қараша, 2022

Алдағы жеті жылға үміт артамын - Қарақат Әбден

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенттігіне «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» бірлестігінен ұсынылған кандидат Қарақат Әбден сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы жеті жылға үміт артамын - Қарақат Әбден

Қарақат Әбден ата-анасымен бірге №135 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.

Қарақат Әбден журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Менде елде болып жатқан демократиялық қозғалыстардан үлкен үміт бар. Менің ойымша, біз әділ, жаңартылған Қазақстанға келеміз. Менің үмітім өте зор және осы уақыт ішінде мен өз идеяларымды барлық сайлаушыларға жеткізе алдым деп санаймын. Бұл мен үшін өте маңызды. Алдағы жеті жылға үміт артамын», деді кандидат журналистермен сұхбатында.