Спорт • 26 Ақпан, 2023

Серік Сәпиев пен балуан жанжалдасып қалды

1453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Алматыда өткен Naiza 49 турнирінде жекпе-жектен кейін балуанмен жанжалдасып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Серік Сәпиев пен балуан жанжалдасып қалды

Оқиға Batyrball ойыны кезінде болған. Эпизодтардың бірінде балуан Зелімхан Мұсиханов С. Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданған. Оның бұл әрекеті боксшыға ұнамай қалып, төбелес басталған. Өзге ойыншылар спортшыларды ажыратып үлгерген.

Алайда кейінірек киім ауыстыратын бөлмеде дау қайта жалғасқан. Сәпиев пен Мұсиханов бір-бірінің қолын алған. Бірақ қайта төбелесе жаздаған.

«Сен маған «Енді олай жасама» дейсің. Мен де қызба адаммын», деді С. Сәпиев.

Бұдан соң, дауға балуанның жаттықтырушысы араласып, Сәпиевке: «Мен оның жеке жаттықтырушысымын. Сен бұл ережелерге өзің келістің ғой. Сен Олимпиада чемпионысың ғой, жас баланы ұрып жатырсың! Ұялмайсың ба? Қандай үлгі беріп жатырсың?», деді.

Соңында С. Сәпиев пен балуан қол алысып, тарқасты.