Сайлау • 19 Наурыз, 2023

Ерлан Қарин Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Қарин Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді

Ерлан Қарин №111 сайлау учаскесінде дауыс берді. Мұнда 2744 сайлаушы дауыс беруге түркелген.

Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Сайлаушылар тізімінде 12 миллион 32 мың 550 адам бар.

Биылғы жылдың 19 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. 

Енді мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім бойынша, 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Аралас сайлау жүйесі бойынша 50/50 қатынасы бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына да сайлау өтеді. Ал аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлауда азаматтар бір мандатты округтердегі кандидаттарға ғана дауыс береді. Парламент Мәжілісі 98 депутаттан тұрады, оның 29-ы бір мандатты аумақтық округтерден сайланады.

Сайлауға жеті саяси партия қатысады. Олар «АМАNАТ» партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Республика» партиясы, «Қазақстан» халық партиясы, «Байтақ» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы.