Экономика • 04 Сәуір, 2023

Түркістанда мұнай өнімдерін заңсыз әкеткендерге айыппұл салынды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің 94 фактісі бойынша іс қозғалып, 2 341 литр бензин мен 25 335 литр дизель отыны сотпен тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда мұнай өнімдерін заңсыз әкеткендерге айыппұл салынды

Аталған мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге тырысқан адамдарға 1,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Айта кетсек, «Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы №21, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы №49, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 31 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 40/қе-қа бірлескен бұйрығына сәйкес, мұнай өнімдерін Қазақстан  аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынған.