Анықталғандай, қаладағы жанармай құю бекеттерінің бірінде 4 цистерна жанып кетті. Жалын азық-түлік дүкенін де шарпығаны қоса хабарланды.
Оқиға орнына жұмылдырылған өрт сөндірушілер қызыл жалын басқа да ғимараттарға өтуі мүмкін екенін айтты.
«Өрт көрші ғимараттарға өтпеуі үшін қоршау салынды. Жеке сектордың үйлері жолдың арғы жағында, яғни жану ошағынан 100 метр қашықтықта орналасқан», делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
Айта кетсек, дәл қазір тілсіз жаумен 20 қызметкер мен 7 бірлік техника күресіп жатыр.
«Өртке ұласқан жарылыстың себеп-салдары анықталып жатыр, сөндіру жұмыстары жалғасуда», деді ведомство өкілдері.