Спорт • 21 Тамыз, 2023

Парижге бір лицензия қосылды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжанның бас шаһары – Бакуде нысана көздеу мен стенд атудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл жарыста 100 мемлекеттен келген 1500 спортшы бақ сынады.

Парижге бір лицензия қосылды

10 метрден пневматикалық мылтықпен нысана көздеуде Ислам Сәтбаев сәтті өнер көрсетті. Ол 632,7 ұпай жинап, Қазақстан рекордын жаңартқанымен, жарыс қорытындысы бойынша төртінші орынға табан тіреді. Десек те осы көрсеткіштің өзі Олимпия ойындарының лицензиясына иелік ету үшін жеткілікті болды. «Менің осы жарыстағы басты мақсатым Париж Олимпиадасына жолдама алу еді. Сол жоспарым ойдағыдай жүзеге асты.  Сонымен қатар әлемдік додада жеңіс тұғырына көтерілуді көздедім. Өкінішке қарай, жүлделі орынды иеленуіме санаулы ғана ұпай жетпей қалды. Алдағы уақытта осы олқылықтың орнын толтырып, байрақты бәсекелерде өз жанкүйерлерімді қуанту үшін барымды саламын», дейді Ислам.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50